Контентке өту

«Басқа елге көшеміз» – Ақтаудағы даулы видео кейіпкерлері елден кетпек пе?

«Басқа елге көшеміз» – Ақтаудағы даулы видео кейіпкерлері елден кетпек пе?
ашық дерек

Ақтау қаласында “Хан” лақап атымен танымал асаба мен оның жұбайы Алма әлеуметтік желіде тараған даулы видеоға қатысты алғаш рет ресми мәлімдеме жасап, блогер Жан Ахмадиевке сұхбат берді, деп хабарлайды baq-orda.kz.
 

Соңғы күндері желіде кең тараған бейнежазба қоғамда қызу пікірталас тудырып, қолданушылар арасында түрлі көзқарастар қалыптасты. Оқиғаға қатысты әркім әртүрлі пікір айтып, жағдайдың мән-жайын талқылауда.

Өз кезегінде Жан Ахмадиев бұл мәселеге біржақты баға беруден аулақ екенін жеткізді. Оның айтуынша, басты мақсат – оқиғаға қатысы бар адамдардың өз пікірін жеткізу.

«Қазір ел арасында қызу талқыға түскен видеодағы кейіпкерлер – ерлі-зайыптылар Хан мен Алма бізге арнайы сұхбат берді. Бұл жағдайға қатысты түрлі пікір айтылып жатыр. Бірақ шындық әрдайым бір жақты болмайды. Біз ешкімді ақтамаймыз да, даттамаймыз. Тек болған жағдайды өз аузынан жеткізуді жөн көрдік. Сіз қалай ойлайсыз?» – деп жазды блогер.

Айта кетейік, аталған видео төңірегіндегі пікірталас әлі де жалғасып жатыр. Желі қолданушылары оқиғаға қатысты өз көзқарастарын белсенді түрде білдіруде.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты