Контентке өту

Серік Жұманғарин Украина Сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесті

Серік Жұманғарин Украина Сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Украина Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Мищенкомен кездесті, деп хабарлайды baq-orda.kz  ҚР Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап. 

Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективасын, сондай-ақ Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссияның қызметін қайта бастау мүмкіндігін талқылады.

Екі ел арасындағы негізгі өзара іс-қимыл бағытының бірі агроөнеркәсіп кешені болып қала береді. Кездесуде Қазақстанның бірнеше өңіріндегі сүт шаруашылықтарының бірнеше жылдан бері Украина сүт өндірушілері қауымдастығымен асылтұқымды сүтті малды жеткізу, тауарлы сүт фермаларын басқару саласындағы қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру жөніндегі ынтымақтастығы атап өтілді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымы $415,8 млн-ға жетті. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 5,4%-ға артық ($394,3 млн). Қазақстаннан Украинаға экспорт негізінен ферроқорытпа, тыңайтқыш, күріш және басқа да тауарлардан тұрады. Ал импорт бойынша шоколад және құрамында какао бар басқа да өнімдер, ұн және кондитерлік өнімдер, дәрілік заттар, сүзбе мен ірімшіктер және тағы да басқалар жеткізіледі.

Кездесу соңында тараптар іскерлік байланысты жандандырып, МАК қызметін жаңғыртуды пысықтау, сондай-ақ басым секторлардағы, әсіресе, агроөнеркәсіп кешеніндегі ынтымақтастықты арттыру жөнінде келісті. 

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты